Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттің Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

Президенттің Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.

Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.

Фото: baq.kz
21 қыркүйек 2025 ж. 214 0