Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҒИМАРАТ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҒИМАРАТ ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қаладағы темір жол вокзалы жанында орналасқан кәсіпкерлік нысандар мен ғимараттардың иелерімен кездесіп, қаланың келбеті саналатын түрлі ғимараттарды жөндеуден өткізіп, қас-келбетін талапқа сай етіп жасау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
– Өздеріңіз жақсы білесіздер, Аралда әуежай жоқ, автовокзал жоқ, жалғыз қалаға кіретін қақпа – темір жол вокзалы. Қазіргі уақытта Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі ескі темір жол вокзалы қайта салынып жатыр. Соған сәйкес қаладағы вокзал жанындағы кәсіпкерлік ғимараттарды толықтай жаңарту, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан уақытты көп созбай, алдағы бір аптаның шамасында өздеріңізге тиесілі ғимартты талапқа сай жаңартып, қайта жөндеу жұмыстарын бастау керек. Бұл уақыт талабы, – деді аудан әкімі.
Кейбір ғимараттардың сыртқы келбеті талапқа сай келетінін айтып, иелеріне тазалық жұмыстарын жиі жүргізіп, нысанды күтіп ұстауды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
26 қыркүйек 2025 ж. 277 0