Аралда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
Бірлесе ұйымдастырылған сенбілік қала тынысының кеңеюіне үлесін қосуда. Осы орайда, қаланың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасы қоқыстар мен үйілген құмнан тазаланды.
Расында, қала тазалығы жалғыз мемлекеттік орган қызметкерлері үшін емес, әрбір аудан тұрғыны үшін қажет-ақ. Сондықтан осындай тазалық шараларында реттеліп, тазартылған аумақтарды ендігі ретте тап-тұйнақтай етіп ұстау тұрғындардың адами жауапкершілігіне байланысты екені даусыз.
Сенбілік шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Құрметті аудан тұрғындары! Тазалық өзімізден бастау алады. Тазалауды емес қоқыс шашпауды үйренейік. Айналамызды айнадай етіп тазартып, сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысайық.



"Толқын" ақпарат