Ұстазға – мәңгілік құрмет
Ұстаздар күні – адам жанына нұр ұялатқан ең ұлағатты мерекелердің бірі. Осыған орай ауданымызда білім саласының дамуына өмірін арнап, талай ұрпақтың жүрегіне ізгілік пен парасат дәнін сепкен ардагер ұстаздарға айрықша құрмет көрсетілді.ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен облыстық білім басқармасы тарапынан дайындалған Алғыс хаттар ардагерлердің өз шаңырақтарына арнайы барып табыс етілді. Ізгі ниет пен жылы лебізге толы сәтте мерекелік көңіл күй орнап, ардагер ұстаздардың жүзінен қуаныш пен толқу байқалды.
Өмірін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаздар өткен күндердің естелігін еске алып, бүгінгі жас буынның табыстарына қуанып, жүрекжарды баталарын берді.
Олардың әр сөзі – тәлім мен тағылымның, әр жылы көзқарасы – риясыз алғыстың белгісіндей болды.
Мұндай сәттер ұстаздық еңбектің шын мәніндегі ұлылығын тағы бір дәлелдеп, адам жанына нұр сыйлаған мамандыққа деген құрметті тереңдете түсті.



#Аралауданы
#bilimqzo









