Қызылордада Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік Рәміздер аллеясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлттық мереке – Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының 35 жыл толуына орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.
Елдік рухты асқақтатып, ұлттық бірегейлікті, тәуелсіздік құндылықтарын және ұлттың мәңгілік мұратын айшықтайтын бұл рәсімге құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен күштік құрылымдар мамандары қатысты.Мемлекеттік Ту көтеру сәтінде әскери хор Мемлекеттік Гимнді орындады.Мерекелік салтанатты шара «Чемпионмен бірге жүгір» марафонына ұласты.
Қызылорда облысының баспасөз қызметі










