«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ӨРКЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету келеді. Бұл — экологиялық мәдениеттің жарқын көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың борышы. Осы мақсатта елімізде жыл сайын өткізілетін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударып, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Арал ауданында да аталған акция аясындар бірқатар жұмыстар қолға алынып келеді. Акция аясында республиканың барлық өңірлерінде сенбіліктер, ағаш отырғызу шаралары, су айдындарын, орман-тоғайларды, саябақтар мен аулаларды тазалау жұмыстары ұйымдастырылады. Мемлекеттік қызметкерлер, жастар ұйымдары, мектеп пен колледж оқушылары, еріктілер мен қала тұрғындары белсене қатысуда.
Бұл игі бастаманың басты мақсаты — табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға қоғамды жұмылдыру. «Таза Қазақстан» тек бір күндік іс-шара емес, ол — еліміздің экологиялық болашағына бағытталған тұрақты қозғалыс.
Қоршаған ортаның тазалығы – халық денсаулығының, өмір сапасының және елдің көркейуінің басты кепілі. Сондықтан әр азамат өз үлесін қосып, туған жерінің табиғатын қорғауға және аялауға атсалысуы қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық санасын жаңғыртып, ұрпаққа таза, көрікті ел қалдыруға бағытталған жарқын бастама.
Арал қаласы бойынша бюджет есебінен 32 көше және демеушілік есебінен қосымша 8 көше жарықтандырылды. Бұдан бөлек Жылқаман батыр көшесі заманауи жарық шам бағаналарымен жарықтандырылды.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Арал қаласында көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмысмтары тыңғылықты жүргізіліп, қала көшелері қалыпқа келді. Арал қаласының кіре-берісінде орналасқан арка күрделі жөндеуден өткізілді.
– Жаңадан салынған аспалы көпірдің жанында орналасқан қорым толық қоршалды. Бұдан бөлек, 3 қорымды қоршау жұмыстары жүргізілуде. 2 шағын футбол алаңы мен 1 балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілсе, 1 балалар ойын алаңын салу жұмыстары жүргізілуде. Ә.Әленов және Ы.Алтынсарин көшелеріне қиыршықты тас жол төселді. Сондай-ақ, Ұ.Есмамбетова және № 4 мөлтек ауданының көшелеріне арнайы автогрейдер техникасымен жол тегістеу жұмыстары жүргізілді.Жасыл төсеніші ескірген 5 шағын футбол алаңының газон жабындысы ауыстырылып, жаңартылды.Тазалық талаптарын сақтау мақсатында, тұрмыстық қалдықтар жиі тасталынатын орындарда 7 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Арал қаласының ішкі аумағында орналасқан 9 дана аркаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылды. Орталық алаңға 8:4 көлемді жаңа лэд экран орнатылды. Сондай – ақ жаз ортасында орын алған ауа-райының күрт бұзылуы салдарынан қала аумағында қалыптасқан кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, - деді Арал қаласының әкімі Батыржан Ұзақов.
Бұдан бөлек, тұрғындар өтінішіне сәйкес, демеушілік есебінен С. Көбеков көшесіне шағын футбол алаңы қайта қалпына келтіріліп, көшірілген. Ж. Таушанов және К. Өтенов көшелерінің аралығындағы сор басқан аралыққа қалыпты автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2 000 тонна құм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы аллея мен алаңдарды абаттандыру жұмыстары барысында көгалдандыру және гүлзарларды егу жұмыстары жүргізілген. Жергілікті климатқа төзімді 300 түптен астам тал егілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қала аумағында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Қала көшелеріндегі түнгі жарық шамдарын күтіп ұстау жұмыстары да назардан тыс қалмай отыр.
Н.МАРАТҚЫЗЫ










