Ардагерлер арасында спорттық сайыс өткізілді
Ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықты арттыруға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Сексеуіл» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында дойбыдан спорттық сайыс өтті.Шараның негізгі мақсаты – ардагерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуын қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, мұндай жарыстар аға буын өкілдерінің өзара тәжірибе алмасуына, достық қарым-қатынасты нығайтуына және зияткерлік қабілеттерін шыңдауына оң ықпал етеді.
Жарыс барысында әділқазылар алқасы ойын ережесінің сақталуын қадағалап, сайыстың әділ өтуіне ерекше мән берді.
Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, І, ІІ, ІІІ орын иегерлері марапатталды. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан барлық ардагерлерге ризашылық білдіріліп, осындай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.
Айта кету керек, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы ардагерлердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға, олардың өмір сапасын жақсартуға және қоғамда ардагерлерге деген құрметті күшейтуге бағытталған. Осындай мазмұнды шаралар аға буын өкілдерінің өміріне серпін беріп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға өз үлесін қосуда.












