Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың жаңажылдық құттықтауы

Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың жаңажылдық құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды босағамыздан аттап, төрімізге озған жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
Жылқы жылы Шығыс күнтізбесінде өте қуатты, серпінді әрі жаңа өзгерістерге толы жыл ретінде сипатталады. Жылқы жылы елімізге татулық пен тұрақтылық, еңбегімізге толайым табыс, отбасымызға амандық пен бақ-береке сыйласын. Жаңа жылда еліміз аман болып, ауданымыз қарыштап дами берсін.
Жылыстап бара жатқан Жылан жылы Арал халқы үшін мол жетістіктерге толы сәтті жыл болды. Әр саланың тамырына қан жүгіріп, ауданымыздың дамуында оң динамика қалыптасты.
Бірнеше медициналық нысандар пайдалануға беріліп, қала мен ауылдарда 5 бірдей жаңа мектептер салынды. Бірнеше ауылдарымызға ауыз су жеткізіліп, елді мекендер көгілдір отын көзіне қосылды. Қала мен ауылдардың байланысы нығайып, елдің ұсыныс-тілегінен туындаған бірнеше мәселелер шешімін тапты.
Құрметті жерлестер!
Жаңа жыл – жақсылықтардың жаршысы болсын! Әрбіріміздің болашаққа бағдар құратын және үлкен міндеттерді орындауға иек артатын кезеңімізге айналсын! Жаңа жылда қуаныш пен бақыт төрімізге жайғасып, көл көсір сыйы мен ырзық несібесі қатар келетініне кәміл сенімдемін.
Шаңырақтарыңызда күтпеген қуаныштар көп болсын! Жаңа жыл баршамызға жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жетістіктер әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Мереке құтты болсын!
01 қаңтар 2026 ж. 44 0