Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» АТТЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК» АТТЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Арал аудандық прокуратурасының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен профилактикалық бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылауға байланысты «Заң мен тәртіп – жалпыға ортақ жауапкершілік» атты ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың қаңтар айында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында: «Қазақстанда барлық азаматтың құқығы бірдей екенін, ешкімге ешқандай артықшылық немесе басымдық берілмейтінін айттым. Біз өркениетті, әділетті мемлекет құрып жатырмыз. «Заң үстемдігін» қамтамасыз ету, білімнің сапасын арттыру, мәдениетті болу, аянбай еңбек ету, тәртіпке бас ию және мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау арқылы ғана осы мақсатқа жетеміз» деген болатын.
Мәжіліске аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметов, «ΑΜΑΝΑΤ» партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Қанатов, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым басшылары (аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы), қала, кенттер және ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары және мектеп директорлары, олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – құқық бұзушылық профилактикасы бойынша 2025 жылы атқарылған және осы 2026 жылы атқарылатын жұмыстарды талқылау.

Кеңейтілген мәжілісті аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы ашып, қоғамның алдында тұрған басты міндеттер қылмыс пен құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бағытында өткізіліп жатқан мәжілістің маңыздылығын атап өтті.
Аудан прокуроры Дарын Елтайұлы бекітілген мәжілістің басты мақсаты бойынша 2026 жылы ауданда қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу және төмендету, олардың орын алуының себептері мен негіздерін анықтап, құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыру, кешенді шараларды қабылдап оны орындау бойынша бірқатар міндеттерді айқындады.
Мәжілісте баяндама жасаған аудан прокурорының орынбасары Р.Нұрлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова мен аудандық полиция бөлімінің орынбасары С.Жусупова, аудандық спорт және туризм бөілімінің басшысы Т.Әлжанов бұл бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Аймбетов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Жоланов өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Жиын қорытындысымен құқық бұзушылықтарға қарсы профилактика жұмыстарын және «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын жүзеге асыруда құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен 27 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.

Құқық бұзушылықтарға қарсы профилактика жұмыстарын жүзеге асыруға құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдар тартылған.

«Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын іске асыру барысында белсенділік танытқан ауыл әкімдері және учаскелік полиция инспекторлары аудан прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

14 қаңтар 2026 ж. 59 0