Аудан бюджеті нақтыланды
Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХVII сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы Базарбай Төрахметовтің төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде өзекті деген 3 мәселе қаралып, халық қалаулыларының назарына ұсынылды.
Сессияда «2024-2026 жылдарға арналған Жетес би ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №156 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жетес би ауылдық округінің әкімі Р.Жолмырзаев, 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев және Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы атқарған жұмысы туралы аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Төрахметов хабарлама жасап, атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Аудан әкімі А.Оңғарбаев сессия жұмысын қорытындылай келе елде қолға алынған әрбір бастама аудан үшін маңызды екенін алға тартып, салалар бойынша кемшіліктерге жол бермей, бірлесе жұмыс жасаудың маңыздылығын атап өтті. Ортақ абырой, ортақ мүдде жолында бірлесе іс қылу арқылы жылды нәтижелі қорытындылауда барлық азаматтарды жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырды.
Жиын соңында баяндамашылар тарапынан айтылған мәселелер депутаттардың қолдауына ие болып, бір ауыздан мақұлданды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі