Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел өміріндегі жаңашыл бастамаларды дәрігерлер де қолдайды

Ел өміріндегі жаңашыл бастамаларды дәрігерлер де қолдайды

Сексеуіл кентінде аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың жұмыс сапры өткен жылдың басында ашылған 25 төсектік аурухана ғимаратына жалғасты. Арал ауданының прокуроры Дарын Әбіш, аудандық мәслихаттың төрағасы Базарбай Төрахметовпен бірге аурухана жұмысымен танысқан аудан әкімі ұжыммен кездесуде еліміздегі Конституцялық реформалар төңірегінде ой бөлісті.
Кездесу барысында дәрігерлер қауымы бұл бастамалардың барлығы ел ертеңі үшін аса маңызды екені айтып, Мемлекет басшысының әрбір бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Басқосуда мұнан өзге кент бойынша атқарылған жұмыстар сөз болды. Әсіресе «Сексеуіл – Бейнеу» бағытындағы автомобиль жолының құрылысы биылғы жылдың маңызды жобаларының бірі екені айтылды. Қазіргі таңда құны 800 млрд теңгені құрайтын ауқымды жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген.
Аталған жоба өңірге тың серпін беріп, Сексеуіл кенті мен Қосаман, Ақеспе, Ақбасты және Құланды елді мекендеріне жол қатынасының жақсаруына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік береді.

Кездесу барысында өзге де мәселелер көтеріліп, аудан басшысы айтылған ұсыныстардың назарда болатынын жеткізді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан 2026 ж. 69 0