Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: жол-көлік оқиғаларының артуы мен жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүйелі шешімді талап етеді

«AMANAT»: жол-көлік оқиғаларының артуы мен жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүйелі шешімді талап етеді

«AMANAT»: жол-көлік оқиғаларының артуы мен жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүйелі шешімді талап етеді

Қазақстандағы автомобиль жолдары тек инфрақұрылым нысаны ғана емес, сонымен қатар қауіп-қатері жоғары сала болып отыр. Осы мәселе «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар және кәсіпкерлер қатысқан отырысында талқыланды.

Талқылау барысында жол-көлік оқиғалары санының айтарлықтай артқаны атап өтілді: 2023 жылы – 15,8 мың болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 36,1 мыңға жетті. Кейінгі бір жылда жол апатынан 49 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2 мыңнан астамы қаза тапты.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, жүргізушілердің шаршаған немесе мас күйде көлік басқаруы, жол және көлік инфрақұрылымының тозуы, сондай-ақ көліктік бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
2025 жылы жол және көлік қауіпсіздігі саласында салмақ өлшеуден жалтару мен тасымалдау рұқсатын заңсыз беру фактілерін қоса алғанда, 60-тан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді.

09 ақпан 2026 ж. 62 0