«Көктеммен келген көрісу»: Сыр жұртшылығы Амал мерекесін атап өтті
Сыр өңірінде «Наурызнама» онкүндігінің алғашқы шаралары «14 наурыз – Көрісу-Амал» мерекесін атап өтуден басталды.
Бүгін «Aray City Mall» ойын-сауық орталығында Қызылорда облыстық филармониясының «Көктеммен келген көрісу» атты мерекелік концерті өтті. Мерекелік бағдарламада филармония өнерпаздары халық әндері мен ұлттық нақыштағы шығармаларды орындап, жиналған көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына «Бауырсақ пати» ұйымдастырылып, ұлттық дастарқаннан дәм ұсынылды. Көпшілік бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін айтып, амал мерекесінің мазмұнын айшықтай түсті.
Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген бұл мерекелік басқосу тұрғындардың рухани бірлігін нығайтып, Наурыз мейрамының мән-мағынасын кеңінен насихаттауға арналды.












