Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық сотта қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өз нәтижесін беруде

Аудандық сотта қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өз нәтижесін беруде

Сот жүйесі қызметіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу – сот қызметіне халықтың кең ауқымды бөлігінің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттердің бірі.
Ең алғаш Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі іске қосылғанда құжаттардың электрондық айлалымына сенбейтіндер аз болған жоқ. Тіпті, компьютердің көмегімен істердің судьяларға теңдей бөлінетініне де күмәнмен қарағандар болды. Алайда, бұл қызметтер келе-келе сот ашықтығының, жариялылығының, жеделдігінің көзіне айналды. Сөйтіп, қолданысқа «Сот кабинеті», «Төрелік» жобалары енді. Қазіргі уақытта Республика соттарының барлығы толықтай дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен қамтылып, сот отырыстарының бәрі таспаға жазылатын болды. Іс жүзінде әрбір сот отырысы оны арнайы жабдық көмегімен түсіріп алу арқылы өтеді, бұл сот отырысының қысқаша электрондық хаттамасын енгізуге мүмкіндік берді. Электрондық хаттама судьялар мен сот отырысы хатшылары үшін жазбаша түрдегі сот талқылауы барысындағы қағазбастылықты және жүктемені азайта түсті. Сондай-ақ, таспаны судьяның тоқтатуға, редакциялауға мүмкіндігінің болмауы азаматтардың сот отырысындағы жауаптылығын көтеріп, төреліктің әділ шығатынына сенімін бекітті.
«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды (өтінішті), шағымжәне наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің статусын көруге және сот актісін басып шығаруға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген.
Аудандық сотта 2018 жылы «Сот кабинеті» сервисі арқылы 922 электрондық түрде арыз (талап арыз) берілсе, үстіміздегі жылдың 3 айында 188 арыз түсіп, тіркелген.
Қолданысқа енгізілген «Сот құжаттарымен танысу» сервисі сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін электрондық сот құжаттарымен танысуға арналған.
Сотқа талап арызбен (шағыммен) жүгінген азамат оның тіркелгені туралы талон алады. Одан кейін электрондық хабарлауға келіскен жағдайда оның ұялы телефонына немесе электрондық поштасына оның арызы бойынша сот құжатының шыққаны және онымен сайт арқылы таныса алатындығы жөнінде логин мен құпия сөз көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындаудың қажеті жоқ.
Қолайлылық және жедел қол жеткізу үшін тіркеу туралы талонда өтінішті тіркеу туралы деректерден басқа азамат мобильдік телефондағы QR кодты тану үшін арналған қосымшаны қолдана отырып, Интернет-ресурстың бетіне тез ауысуға мүмкіндік беретін шифрленген код (QR код) қамтылған.
Дыбыс-бейнетаспаға түсіру жүйелерін жетілдіру сот залынан тысқары отырған процеске қатысушылардың да оны пайдалануына мүмкіндік берді. Мысалы, қазіргі таңда республика соттарында «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы жүзеге асып жатыр. Оның ішінде «SMART сот» жобасының жөні бөлек. Себебі, бұл бағдарлама соттардың IT қызметін қолданудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Сот жүйесін цифрландыру бағытындағы «SMART сот» бүгінде өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Өйткені, азаматтарға сот процестеріне ғаламтор желісі арқылы онлайн түрде қатысу мүмкіндігі жасалды.
Аталған бағдарлама тараптардың смартфонындағы «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы сот мәжілісіне қашықтықтан қатысуларына жағдай жасайды. Мәселен, іске қатысуы тиіс адам бір жағдайларға байланысты сот отырысына келе алмай қалуы мүмкін. Сондай кезде процестің кейінге қалмауының, сот мәжілісінің созбалаңға салынбауының алдын алады. «SMART сот» жобасы аясында азаматтар «TrueConf» мобильдік қосымшасымен әлемнің кез келген нүктесінен сот отырысына қатыса алады. Әрине ол үшін интернетке қосылған ұялы телефон немесе планшет, ноутбук болуы тиіс. Бұл тәсіл сотқа қатысушылардың уақытын тиімді пайдалануымен қатар, өзге де шығындарын үнемдейді.
         Сот саласында енгізілген тағы бір тың бағдарлама «Төрелік»  ақпараттық сот жүйесімен үйлестірілген «Электрондық қылмыстық іс» модулі. Бұл қылмыстық істі құқық бұзушылықты тіркеуден бастап сот шешімін шығарғанға дейінгі барлық кезеңдерін цифрландыруға мүмкіндік береді. Яғни, қылмыстық істің барлық материалдары цифрлы түрде сақталады және жоғары қауіпсіздік деңгейі бар. Жүйеде барлық процесуалдық шешімдер электрондық форматта рәсімделіп, қылмыстық іс бойынша жүргізілетін тергеу және басқа да процесуалдық құжаттарды толтыру үшін қажетті функциялар іске асырылады. Осының арқасында бүгінде сотқа дейінгі тергеп тексеруде санкциялау соттардан тікелей электронды форматта алынады және қылмыстық іс сотқа қағаз нұсқасында емес, электронды форматта жолданады.
Арал аудандық сотында 2018 жылы осы модуль бойынша 6 қылмыстық іс тіркеліп, қаралса, үстіміздегі жылдың осы кезеңінде 8 қылмыстық іс тіркелген. 
 Ж.Куатов,
Арал аудандық сотының жетекші маман.
09 мамыр 2019 ж. 864 0