ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды мұсылман жұртының қастерлі мейрамы – Ораза айт күнімен құттықтаймын!
Бұл сабыр мен шүкірдің, мейірім мен ізгіліктің салтанат құрған айрықша күн. Қасиет пен қадір дарыған ерекше мерекенің Ұлыстың Ұлы күні Наурызбен тұспа-тұс келуінің өзінде ерекше мән бар секілді. Жаңару мен тазарудың үндестігі ерекше сезілетін қос мереке баршаңызға құтты болсын!
Бұл мереке ағайын арасын жақындатып, татулық пен бірлікті тереңдететін, жүректерге жылу сыйлайтын ерекше мереке. Осындай игі күндерде жасалған әрбір ізгі амал мен ақ ниеттің сауабы еселене берсін.
Барша шаңыраққа шаттық пен береке орнап, ырыс-несібеміз арта берсін! Әр отбасына амандық, бақ-дәулет, баянды бақыт тілеймін!
Жаратқан иеміз барша тілектеріңізді қабыл етіп, жүректеріңізге тыныштық пен нұр сыйласын!
Елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың абыройы асқақтай бергей! Берекелі бірлігімен танылған өңіріміз өсіп-өркендеп, дамудың жаңа белестерін бағындыра берсін!











