Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау бекеті Сексеуіл кентінде ашылды

Партиялық бақылау бекеті Сексеуіл кентінде ашылды

Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентінде, нақтырақ айтқанда, 100 орындық мектеп пен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүргізіліп жатқан құрылыс алаңына партиялық бақылау бекеті ашылып, өз жұмысын бастады.

Аталған бекет әлеуметтік нысандар салынып жатқан аумақта тікелей орналастырылып, құрылыс барысын ұдайы бақылауға мүмкіндік береді. Бұл – партия тарапынан қолға алынған ашықтық пен сапаны қамтамасыз етуге бағытталған нақты бақылау тетігі.

Жоба аясында Сексеуіл кентінде 100 орындық жаңа мектеп пен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде. Аталған нысандар ауылдың білім және мәдениет саласын дамытуға серпін беретін маңызды инфрақұрылымдық жобалар болып табылады.
Құрылыстың тапсырыс берушісі – “Қазақстан Темір Жолы” АҚ. Мердігер мекеме – “Иман” ЖШС. Техникалық қадағалауды тапсырыс беруші ұйым өзі жүзеге асырса, авторлық қадағалаушы – “Ремпроект” ЖШС. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Партиялық бақылау бекетінің ашылуына Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Еркебұлан Аяғанов, Сексеуіл кенті әкімі аппаратының мамандары және партия белсенділері арнайы барып, құрылыс алаңындағы жұмыстармен танысты.

Сексеуіл кентіндегі бұл бастама – халық игілігі үшін жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімді әрі ашық орындалуына бағытталған маңызды қадам.
#АМАНАТ
03 сәуір 2026 ж. 257 0