Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымында мобильді қабылдау өткізілді

Бастауыш партия ұйымында мобильді қабылдау өткізілді

Бүгін “Барсакелмес” бастауыш партия ұйымында мобильді қабылдау өткізілді. Қабылдауға Арал аудандық мәслихатының және партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы қатысты.

Қабылдау барысында бастауыш партия ұйымының мүшелері мен тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Кездесу барысында әрбір өтініш заң аясында қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға нақты кеңестер беріліп, кейбір мәселелер бақылауға алынып, жауапты мекемелерге жолданатын болды.
#АМАНАТ
29 сәуір 2026 ж. 12 0