Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Руслан Қайрақбаев жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бекетінің құрылысымен танысты

Руслан Қайрақбаев жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бекетінің құрылысымен танысты

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев Қызылорда облысына жасаған іс-сапары барысында "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы аясында ауданға қарасты Қамыстыбас ауылында салынып жатқан өрт сөндіру пунктінің ғимараты құрылысымен танысты.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев, ауыл әкімі мен жергілікті Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері болды.

Руслан Сламбекұлы ғимарат құрылысына жақсы бағасын беріп, бағдарламаның басты мақсаты ауыл тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін жеткізіп, төтенше жағдай кезінде жағдайға уақытылы ден қоюдың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара ғимарат ауласына тал егумен жалғасын тапты.
"Толқын" ақпарат

29 мамыр 2026 ж. 47 0