Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Құрметті ата-аналар!
Қымбатты жас достар!

Сіздерді бүлдіршіндердің шаттыққа толы мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Бұл – бақытты балалық шақты дәріптейтін, ұрпаққа қамқорлық пен мейірімді айшықтайтын ерекше мереке. Әрбір бала – еліміздің ертеңі, халқымыздың үміті, тәуелсіздігіміздің жарқын болашағы.

Ұлт болашағы – саналы, білімді әрі тәрбиелі ұрпақтың қолында. Сондықтан жас өрендеріміздің сапалы білім алып, алаңсыз өсіп-жетілуі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қадірлі ағайын!

Бала – біздің болашағымыз, ең асыл қазынамыз. Олардың жарқын келешегі үшін жасалған әрбір игі іс – ел ертеңіне жасалған үлкен қамқорлық.

Барша бүлдіршіндеріміз аман болып, бейбіт елде бақытты балалық шақ кешсін! Армандары асқақтап, білім мен өнердің биігінен көріне берсін!

Қымбатты балалар!

Сіздердің шат күлкілеріңіз бен бақытты балалық шақтарыңыз біз үшін ең үлкен қуаныш.

Тәуелсіз еліміздің, ұлан-байтақ жеріміздің ендігі иесі өздеріңіз. Елін сүйер, Отанын қастер тұтар білімді де парасатты азамат болып өсіңіздер!

Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын!

Жазғы демалыстарыңыз көңілді әрі қауіпсіз өтсін!

Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев

01 маусым 2026 ж. 50 0