Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Бүгін Арал қаласында маңызды саяси науқан – қала әкімінің сайлауы өтуде.

Сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, өз жұмыстарын бастады.
Арал қаласы бойынша барлығы 16 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасауда. Оның ішінде 1 жабық сайлау учаскесі көпбейінді орталық ауруханада орналасқан. Қала бойынша сайлаушылар саны 22 989 адамды құрайды.
Арал қаласының әкімі лауазымына үміткер ретінде 4 кандидат өзін-өзі ұсынды. Бүгінгі сайлауда тұрғындар өз таңдауларын жасап, қаланың алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға қатысуда.

21 маусым 2026 ж. 90 0