Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда
Бүгін өтіп жатқан Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалуда. Қала аумағында барлығы 16 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасауда. Оның ішінде бір жабық сайлау учаскесі Арал көпбейінді орталық ауруханасында орналасқан.Арал қаласы бойынша сайлаушылар саны 22 989 адамды құрайды. Қала әкімі лауазымына үміткер ретінде 4 кандидат өзін-өзі ұсынып, сайлаушылар өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскелеріндегі ахуал тұрақты. Тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытуда. Учаскелерде мерекелік көңіл күй қалыптасып, сайлаушылардың белсенділігі жоғары екені байқалады.
Мәселен, №48 сайлау учаскесінде барлығы 1085 сайлаушы тіркелген болса, сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша олардың жартысына жуығы өз таңдауларын жасап үлгерген.
Сайлау науқаны заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындар өздерінің конституциялық құқықтары бойынша өз таңдауларын жасауда.











