Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ

ЖЕГІТКЕ ЖЕТІ ӨНЕР ДЕ АЗ

Жігіті сыннан қашпайтын қазақпыз ғой. Мейлі білек күші болсын, мейлі білімі болсын, өнері болсын, қай жағынан да сынға түсіп, жүлдесін алуға дайын тұрған ерлер бүгін де жоқ емес. Осындай өнерлі жастар жақында Жетес би ауылдық округі, Райым ауылдық клубында өзара сайысқа түсті.
«Жігітке жеті өнер де аз» атты жігіт сұлтанын анықтаған аймақтық жарысқа Құмбазар, Шөмішкөл, Ескіұра, Қосжар және Райым ауылының өнерлі жастары қатысып, бақ сынады.
Бірнеше айналымнан тұрған байқау өте тартысты өтті. Бар өнерін ортаға салған сабаздар бірінен бірі басым түсіп, көрермендерді қызыққа бөледі.
Міне, осындай тартысты сайыста Ескіұрадан келген Б.Мұратбаев жүлделі ІІІ орынға ие болса, ІІ орынды Шөмішкөлдік қатысушы Д.Сейілханов олжалап қайтты. Ал, жігіттің сұлтаны атынып, жеңістің биік тұғырынан көрінген Құмбазар ауылының өнерлі жігіті Қ.Қуанышбаев болды.
Арнайы алғыс хатпен марапатталған Қосжар ауылының қатысушысы Д.Абжамиев пен райымдық Т.Бимаханов та көрермендердің қошеметіне бөленіп, ризашылығын алды.
Жеңімпаздарға жүлдемен қатар арнайы сыйлықтар табысталды.
Сайыс жайында Райым ауылдық клубының меңгерушісі А.Тажимбетов:
– Біз бүгін керемет тартыстың куәсі болдық. Қай қатысушы болмасын өздерінің осал жігіт еместігін көрсетті. Бірақ, бәйге болғасын біреу жеңеді, біреуге сәл ғана сәтсіздік жетіспей жатады. Десе де, өнерлерінің арқасында көрермендердің ықыласына бөленген барлық жігіт те мақтауға лайықты. «Жігітке жеті өнер де аз» деген осы шығар, – деп, сайыстың деңгейін анық айтып берді.
О. ЖОЛДАСОВ
14 мамыр 2019 ж. 1 237 0