Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан активіне жаңадан тағайындалған Арал аудандық электр торабының басшысы таныстырылды

Аудан активіне жаңадан тағайындалған Арал аудандық электр торабының басшысы таныстырылды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен жиын өтіп, орын алған кадрлық өзгерістер назарға алынды.
Аудан басшысы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының оңалтуды басқарушысының бұйрығына сәйкес Арал аудандық электр торабының бастығы қызметіне Өтенов Асхат Зияғаладинұлы тағайындалғанын атап өтті.

Асхат Зияғаладинұлы 1977 жылы Арал қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітірген. 1999 - 2001 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығында маман, 2001 - 2013 жылдары Арал аудандық электр торабы қосалқы станциясының электр слесарі, монтер, есепке алу жөніндегі инженер қызметтерін атқарған. Сондай-ақ 2013 - 2026 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысып, 2026 жылдан осы күнге дейін аудандық электр торабының бас инженері қызметін атқарып келді.

Жиын барысында аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы саладағы шешімін табуы тиіс мәселелердің бар екенін алға тартып, басшылық қызметке кіріскен Асхат Зияғаладинұлына бірқатар міндеттер жүктеді.

24 маусым 2026 ж. 43 0