Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Аудандық бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және аудан әкімінің өкімімен Арал ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы лауазымына Махатов Бауыржан Ібрашұлы тағайындалды.

Бауыржан Ібрашұлы 1969 жылы Арал қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Автобаза» кәсіпорнында слесарь болып бастаған.

1992 - 2015 жылдары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;

2015 - 2016 жылдары Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі;

2016 - 2020 жылдары Арал қаласының әкімі;

2020 жылдың мамыр-тамыз айларында Арал ауданы әкімінің кеңесшісі;

2021 жылдан бастап Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Бауыржан Ібрашұлы, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр.

07 шілде 2026 ж. 55 0