Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Қызылорда қаласындағы көпсалалы балалар ауруханасына барды

Тоқаев Қызылорда қаласындағы көпсалалы балалар ауруханасына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында 2017 жылы пайдалануға берілген мекеменің жұмысымен, ондағы балаларды емдеу және сауықтыру үшін алынған заманауи медициналық құрылғылардың жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев балалар ауруxанасының медициналық қызмет көрсететін кабинеттерін аралап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.
Еркін әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті бала денсаулығын жақсарту ісі мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жандана түсетінін айтты.
«Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың оңай емес екенін жақсы білемін. Балаларды емдеп, халықтың алғысына бөленіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз елене берсін!» – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мекемесі ұжымының жұмысына табыс тіледі.
Айта кетейік, балаларға кәсіби, стационарлық және диагностикалық көмек көрсетуге бағытталған ауруxананың жалпы аумағы 24436 шаршы метр. Медициналық мекемеде xирургия, терапия, зерттеу жүргізу, ота жасау блоктары, сәулемен емдеу және физиотерапия бөлімшелері бар. Ұйымда 500-ден астам персонал қызмет етеді.
https://baq.kz/news

14 мамыр 2019 ж. 800 0