Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдік мәжілісінде бірқатар мәселелер талқыланды

Әкімдік мәжілісінде бірқатар мәселелер талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды.

Мәжілісте цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылып, мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған заң бұзушылықтарды болдырмау, мамандардың біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын қатаң бақылау сынды бірқатар мәселелер пысықталды.
Білім беру саласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу бойынша пилоттық жобаға Арал ауданында 3 мектеп енгізілгенін айтқан аудан басшысы жауапты тұлғаларға жобаның сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар жаңа оқу жылына және жылу маусымына дайындық мәселесі де басты назарда болды. Білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуы жиында сөз болып, бұл мәселе бойынша аудан басшысы қатаң бақылау болатынын ескертті.

Мәжілісте тұрғындардың өтініштерін қарау, еңбек ұжымдарындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және медициналық қызмет көрсету сапасы мәселелері де көтерілді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы көтерілген әрбір мәселенің сапалы орындалуы басты назарда болатынын алға тартып, жауапты сала басшылары мен қалағ кент, ауылдық округ әкімдеріне барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде және сапалы орындау, туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

12 тамыз 2026 ж. 43 0