Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін аудандық мәслихат төрағасының жұмыс бөлмесінде сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 54 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала әкімі, бірқатар ауылдық округ әкімдері, мәслихат аппараты және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:1. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ә.Әзбергенов – аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары.
2. Бірқатар азаматтарға «Арал ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Хабарламашы: Н.Бохаев – аудан әкімінің орынбасары.
3. Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 467 «2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Р.Жанаев – Арал қаласының әкімі.
4. «2026-2028 жылдарға арналған Ақирек ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 482 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ә.Нұрекешов – Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
5.«2026-2028 жылдарға арналған Аралқұм ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №474 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ж.Әбдіқалықов – Аралқұм ауылдық округінің әкімі.
6.«2026-2028 жылдарға арналған Қамыстыбас ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №486 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Балмырзаева – Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі.
7.«2026-2028 жылдарға арналған Райым ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №478 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Ү.Қарауымбетов – Райым ауылдық округінің әкімі.
8. «Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.Әбілов – аудандық мәслихаттың аппарат басшысы.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.










