Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35 сессиясы өтті. 
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев, аудандық кірістер басқармасы және бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес төрағасы, мәслихат аппараты қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. 
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде ауданға қарасты Аралқұм, Атанши, Бекбауыл, Бөген, Жаңақұрылыс, Жіңішкеқұм, Сазды, Райым, Қаратерең және Қосжар ауылдық округтерінің «2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Сессия барысында әрбір ауылдық округтің бюджеті жан-жақты талқыланып, депутатар тарапынан түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды. 
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз хатшысы 
02 тамыз 2025 ж. 53 0