Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов ашып жүргізді. Жиынға аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде баяндама жасап, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар легімен таныстырып өтті.

Алдағы міндет бұдан да ауықымды екенін айтып, халық қалаулыларын елге ортақ істе тізе қосып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берген аудандық мәслихаттың депутаты Е.Аяғанов Сексеуіл кентіндегі қолға алынуы тиіс бірнеше мәселелерді ортаға салды.
Жиын барысында мұнан өзге ауданда қылмыстың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту шаралары туралы Арал ауданының полиция бөлімінің бастығы Н.Әлтай, 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №313 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев, Арал қаласындағы және Жақсықылыш кентіндегі көшеге жаңа атау беру туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Б.Мамбетов және «Арал ауданы көлемінде құрылған №№1-55 және №382 учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №175 шешіміне толықтыру енгізу туралы Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б.Турахметов хабарлама жасады.
Сесия барысында қала, кент және бірнеше ауылдық округтердің әкімдері 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде хабарлама жасады.
Сессияның күн тәртібінде көтерілген мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.

