АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 44 сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, басқарма, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Б.Турахметов төрағалық етіп, күн тәртібінде ұсынылған мәселелерге тоқталып өтті.
Жиында алдымен Арал ауданының санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және оны жақсарту шаралары туралы аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев баяндама жасады. Қосымша Арал аудандық санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Сәтекеева хабарлады.
Мұнан соң «2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №461 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев, «2026-2028 жылдарға арналған Арал қаласының бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №467 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Арал қаласының әкімі Б.Ұзақовтар, салық түсемдерінің орындалуы жайында Арал ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Әбідікеров хабарлама жасады.
Жалпы сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысын оң бағалаған аудан әкімі аудандағы халық қалаулыларымен бірге атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды жұмыстар мен маңызды шараларды жоғары деңгейде өткізуге шақырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі













