Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдық ұстаз республикалық дебат додасында үздіктер қатарынан көрінді

Аралдық ұстаз республикалық дебат додасында үздіктер қатарынан көрінді

Атырау қаласында өткен VI республикалық директорлар арасындағы дебат сайысында №220 мектеп-лицейінің директоры Әбілбаев Әліби Әбілбайұлы жүлделі III орынға ие болып, зор жетістікке қол жеткізді.
Республикалық зияткерлік додада Әліби Әбілбайұлы «Орда» фракциясының құрамында Қызылорда қаласындағы №10 мектеп-лицейдің директоры Еркін Қуанышовпен бірге облыс намысын қорғады. Қатысушылар өздерінің шешендік шеберлігін, сыни ойлау қабілетін және кәсіби ұстанымдарын жоғары деңгейде танытып, өңір абыройын асқақтатты.

Ой ұшқырлығы мен сөз шеберлігі сынға түскен білім додасында үздіктер қатарынан көріну – терең білімнің, жоғары біліктіліктің және ізденістің айқын көрінісі.

Бұл жетістік – Әліби Әбілбайұлының жеке жеңісі ғана емес, өзі еңбек ететін білім ордасының және туған өлкенің мерейін асқақтатқан қуанышты жаңалық

01 қараша 2026 ж. 41 0