Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Аралда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

2026 жылғы 31 қазанда Арал қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге ауданға қарасты қала, кент және ауылдық округтерден, табиғат пайдаланушыларынан, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ет, балық, балық өнімдері, ас тұзы, шұбат, көкөніс, жеміс-жидек және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары жеткізілді.
Сонымен қатар, Қамыстыбас балық питомнигі мен Ерімбетжаға елді мекенінің жеке кәсіпкері Орынбаев Ақылбек тоған шаруашылығында өсірілген тірі балықтарын сатылымға шығарды.
Жалпы жәрмеңкеде 60 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары сатылымға ұсынылып, тұрғындарға нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен саудаланды.
Жәрмеңке жергілікті өнім өндірушілерді қолдау және тұрғындарды қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

01 қараша 2026 ж. 33 0