Бүгін статистика саласының мамандары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді
Жыл сайын 8 қарашада Қазақстанда Статистика күні атап өтіледі. Еліміздегі ұлттық статистиканың тарихы дәл осы күні басталды. Бұл сала мамандарының еңбегі елдің экономикалық даму қарқынын бағалауға, әлеуметтік өзгерістерді бақылауға және халықтың өмір сүру сапасын талдауға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрлық технологиялардың арқасында статистикалық деректерді жинау мен өңдеу үдерістері әлдеқайда жылдам әрі тиімді бола түсті. Заманауи құралдар үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеуге, есептеулердің дәлдігін арттыруға және статистикалық мәліметтердің қоғам үшін қолжетімділігін кеңейтуге жол ашуда.Барша статистика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Өңірлік коммуникациялар қызметі










