Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай қалаларының тұрғындары бақытты?

Қазақстанның қай қалаларының тұрғындары бақытты?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің алғашқы рейтингі жасалды. Бұл туралы елордадағы Стратегиялық бастамалар орталығында өткен "Адам бақыты" тақырыбына арналған ІІ стратегиялық бастамалар форумында айтылды. 

Форумның негізгі мақсаты – Қазақстан азаматтарының өз өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейін анықтау. 
CSI Форумында Бақыт индексі бойынша Қазақстан өңірлерінің бірінші рейтінгін, мемлекеттік бағдарламалар рейтингін анықтау үшін жүргізілген зерттеулер нәтижелерін таныстырды.
"Бақыт рейтінгі аймақ тұрғындарының өмірге қаншалықты көңілі толатынын көрсетеді. Рейтинг жүргізген кезде кіріс мөлшері, жақын адамдардың қолдау көрсетуі, денсаулық, іс-әрекет еркіндігі, өзгелерге көмектесу мүмкіндігі, жемқорлыққа көзқарас және көрсетілген мемлекеттік қызметтер мен жасалатын әлеуметтік игіліктерге қатысты факторлларға басымдық берілді", - дейді Стратагиялық бастамалар орталығының бас серіктесі Олжас Құдайбергенов. 
Зерттеу аясында орташа есеппен 36 жастағы 3000 адамнан сауалнама алынған. 
"Сауалнамаға жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтығандар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, яғни бүкіл бұқара халық қатысты", - дейді Стратегиялық бастамалар орталығының жобалар бойынша директоры Бақытжан Сәркеев. 
Рейтинг бойынша, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақмола облыстарының тұрғындары өз өмір жағдайларына қанағаттанатын болып шықты. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының тұрғындары өз өңірлерінің  өмір сүру деңгейіне төмен баға берген. Жалпы алғанда, қазақстандықтар өз өмір сүру деңгейлерін орташадан жоғары бағалап отыр.
20 мамыр 2019 ж. 845 0