Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2019: тест кезінде кімге жеңілдік беріледі?

ҰБТ-2019: тест кезінде кімге жеңілдік беріледі?

20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. ҰБТ-ның негізгі шарттары туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз
Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді, аттестат алу үшін емтихан тапсыру қажет. Ал 20 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. 

Ұпай саны қалай есептеледі?

Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды.
Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Өйткені кейбір тапсырмаларда бірнеше дұрыс жауап болады. Мәселен, екі салалық пәннің 30 тапсырмасы бар. Соның ішінде 20 тапсырмада 1 ғана дұрыс жауап берілсе, 10 тапсырмада бірнеше дұрыс жауапты табу қажет.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 3 сағат 50 минут беріледі.

Қанша ұпай жинау керек?

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін тестілеуден, кем дегенде, 65 балл жинау керек. Ал "Педагогикалық ғылымдар", "Ауыл шаруашылығы мен биоресурстар" мен "Ветеринария" бойынша ұпайдың саны 60-тан кем болмауы шарт.
Басқа жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне өту үшін 50 ұпай жеткілікті. Дегенмен, медицина мамандықтары бойынша 65 балл жинау қажет.
"Алтын белгінің" бір ғана артықшылығы бар. Егер екі талапкер тест қорытындысы бойынша бірдей ұпай жинаса, онда мемлекеттік грант "Алтын белгі" иегеріне беріледі.

Тест тапсырудан кім босатылады?

Былтырдан бері ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік бар. Алайда Қазақстан тарихы тек қазақ және орыс тілінде ғана тапсырылады.
Талапкердің ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық куәлігі болса, "ағылшын тілі" пәні бойынша тест тапсырудан босатылады.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы

Бұған дейін жоғары оқу орындары мамандықтардың нақты тізімі бойынша жұмыс істеген. Биылдан бастап оның орнына білім беру бағыттарының классификаторы енгізілді. ЖОО-лар сол бағыттарға қарай оқыту бағдарламаларын даярлап отырады. Гранттар да нақты мамандықтарға емес, білім беру бағдарламасына бөлінеді.
https://sputniknews.kz/
28 мамыр 2019 ж. 1 280 0