Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді

Жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді

Аралдың экологиялық мәселесін шешу мен өңірді қолдауға бағытталған жобалардың ішінде жасыл белдеу жасау мен туризмді дамыту назарға алынса деген тілегім бар. Қазіргі таңда бұл жоба жүзеге асуда. Дегенмен, ауқымын кеңейтіп, фермерлік плантациялар енгізілсе деп ойлаймын. Одан бөлек, туризмді қолға алса, экономикалық өсімге, жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізеді. Мәселен, тартылған теңіз табанынан табылған Кердері секілді тарихи орындар шетелдіктерді қызықтыра алар еді. Сонымен қатар, Арал ауданындағы Қамбаш көлінің жағалауын заманға сай жандандырса, көпшілік келетін орынға айналады.
Зәуреш Әлімбетова,
«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры
26 ақпан 2018 ж. 1 260 0