Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін айыппұл салынды
Арал аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы E-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматы E. 18 сәуір 2019 жылы сағат 11:40 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 882/384 шақырымы тұсында «Man TGS 19400» маркалы көлік құралымен ЖҚЕ-нің 10.1 бөлігінің талаптарын бұзып, жол жиегінде тұрған Ж-ның басқаруындағы «Daimler Crysler 1117» маркалы автокөлігінің артынан соғып, нәтижесінде көлік құралдары бүлініп, мүліктік залал келген.
Сот отырысында құқық бұзушы хаттамада көрсетілген жол-көлік оқиғасына қатысты мән-жайларды растап, өз кінәсін мойындаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 35350 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі