Ет өнімі еселенбек

Мен де сол кезектердің бірінде болып, қойған сауалдарыма тұшымды жауап алғандардың бірімін. Әсіресе, ет өнімін экоспорттауда мүйізді ірі қара тұқымын асылдандыру бағытындағы бағдарламалар бар екендігі қуантты. «Құлан», «Алтын асық», «Сыбаға» сынды бағдарламалардың берер мүмкіншілігі зор екен. Жалпы, бұл жөнінде Елбасымыз ұсынған 5 институционалдық реформа аясындағы 100 нақты қадамда қамтылған. Айтар болсақ, индустрияландыру және экономикалық өсім атты үшінші бағыттың 61 қадамында: «Ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау»,-делінген. Демек, бұл саланың көші ілгерілеп, алдағы уақыттарда жоғары нәтиже берер. Мен де бұл бағытта мемлекет мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс жасауға ниеттімін.
Б. Кабетова,
«Дүзбай Сейтпенбетов» шаруа қожалығының төрайымы,
Мергенсай ауылдық округі.