АРАЛДЫҚТАРҒА РИЗАШЫЛЫҒЫМ ШЕКСІЗ

Жүрегі жомарт аралдықтар ешқашан бізге өзге ұлт деп қараған емес. Керісінше, қай жерде болмасын құрмет көрсетіп, құшақ жая қарсы алады. Қазақтардың бұл қасиетін мен де бойыма сіңіріп келемін. Өзімен бар жақсысын аямаған аралдықтарға кызмет етуді азаматтық борышым деп білемін.
Қазірде аудандық «Толқын» газетінде газет тасымалдаушы болып жұмыс жасаймын. Жұмысым өзіме ұнайды. Мен осындай кең пейілді жұрты бар жерде бақытты күн кешіп жүргеніме шексіз ризамын. Сондай-ақ, маған мол мүмкіндіктер бергені үшін аралдықтарға зор алғысымды білдіремін.
Александр Амелькин,
газет тасымалдаушы