Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақ тілін үйретем": Оқушы Ресейде қазақ радиосын ашты

"Қазақ тілін үйретем": Оқушы Ресейде қазақ радиосын ашты

Ресейде Илья Гальцов есімді оқушы қазақ радио арнасын іске қосты. Илья Гальцов Омбы қаласында қазақ радиосын ашты.

Ондағы мақсаты елдегі этникалық қазақтарға тілі мен мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттамақ. Өзі жаз айында Қазақстандағы ата-әжесінің үйінде жүріп қазақ тіліне қызығушылығы оянғанын айтады. Осыдан соң қазақ радиосын ашуды ойластырған. 
Алдағы уақытта қазақ радиосы арқылы қазақ тілін үйрететін курс жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінде радионы 300 адам тыңдайды. Енді Илья тыңдарман ауқымы кеңейтіп, арнаны Ресей жеріне таратуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта грант байқауына қатысуда.

stan.kz
12 маусым 2019 ж. 740 0