Жекеше айыптау жөніндегі қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Іс құжаттарына сәйкес, жәбірленуші У. жекеше айыптау тәртібімен азаматша Е-ні ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін, яғни 28 сәуір 2019 жылы келіні Е. У-дың балаларының ұялы телефонының вк желісіне және ұялы телефонына ар-намыстарына тиетін, неше түрлі балағат әдепсіз сөздер жазып, жалған мәліметтер таратқаны үшін, оны қылмыстық жауапқа тартуды және 3 000000 теңге моральдық зиян өндіруді сұраған.
Сот отырысында жекеше айыптаушы сотталушының өзінен кешірім сұрағанын, онымен медиация тәртібімен татуласып, ымыраға келгенін көрсетіп, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.
Осының негізінде, сотталушы Е-ге қатысты жекеше айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс, тараптардың медиация тәртібімен бітімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі