Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Ресей Қазақстанға өте қажет

Тоқаев: Ресей Қазақстанға өте қажет

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына берген сұхбатында Ресеймен қарым-қатынастың әрі қарай қалай өрбитінін айтты,

Мемлекет басшысы қызметіне кіріскеніне екі апта өткеннен кейін неліктен Ресейге барғаны туралы сұраққа жауап берді. 
«Шетелге алғашқы сапарымды президенттің шақыртуы бойынша Ресейден бастауым орынды. Себебі әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара бізді бөліп жатқан жоқ, керісінше, біріктіріп тұр», - дейді Тоқаев. 
Сонымен қатар ол Мәскеудегі келіссөздердің жақсы өткенін атап өтті. 
«Ресей Қазақстан үшін жанымызда орналасқан үлкен мемлекет, БҰҰ-ның тұрақты мүшесі болып табылатын мемлекет ретінде өте қажет. Менің ұстанымым осындай. Және Ресей де Қазақстансыз басқаша болар еді», - дейді мемлекет басшысы.

http://stan.kz  

17 маусым 2019 ж. 527 0