Ақтөбеде екі жігіт дүкенге қарулы шабуыл жасап, 40-тан аса iPhone ұрлаған
Ақтөбеде ұялы телефондар сатумен айналысатын дүкенге қарулы шабуыл жасалып, 40-тан аса iPhone ұрланған,
Оқиға бүгін, 18 мамырда, сағат 09:20-да орын алған. Шернияз бен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы ұялы телефондар сататын дүкенге медициналық маска киген екі жігіт қарақшылық шабуыл жасады. Олардың бірінің қолында пышақ, екіншісінде тапанша болған. Осылайша, екеуі ұялы телефондарды ұрлап кетіпті.
Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберілді. Шұғыл шараларды жүргізу барысында, полицейлер 2 сағаттан кейін «Мәдениет» сауда үйінің аумағында «Датсун» көлігін тоқтатты. Оның салонында 20 және 22 жастағы екі жігіт болған.
Көліктің жүк салғышынан iPhone маркалы 43 смартфон тәркіленді. Сонымен қатар жүк салғыштан газды тапанша мен пышақ табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабына (Қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.