Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде қысқы спорт түрлеріне арналған мұз модулі салынады

Семейде қысқы спорт түрлеріне арналған мұз модулі салынады

Семейде жақын арада шорт-трек, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг және конькимен жүгіру сынды қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту мақсатында, мұз модулі салынбақ. 

Мұз модулі 500 көрерменге арналып жасалмақшы, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің жеке сайтында ұсынылған жобаға сәйкес, кәсіпкер модульді салуға және пайдалануға ұсынуы тиіс, ал мемлекет 12 жыл бойы объектінің барлық шығындарын өтейді. Қазір шенеуніктер бірегей спорт нысанын салуға ниетті серіктесті іздеуде.
https://baq.kz

19 маусым 2019 ж. 632 0