Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назарбаев: Біз өз президентімізді құрметтесек, мықты мемлекет боламыз

Назарбаев: Біз өз президентімізді құрметтесек, мықты мемлекет боламыз

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясында қазақстандықтарды күмәнді үндеулерге ермеуге шақырды

«Бізді тонап, түрлі қылмыс жасағандар қазір ғаламторда үндеу жасауда. Олар кімдер? Олар бірнеше мемлекетте сотталған. Мұны жастар білуі керек. Жастар түсінбей, шатасуы мүмкін. Қолда барымызды жоғалтып алмайық. Халқыма осыны айтқым келеді», - дейді елбасы. 
Сонымен қатар Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне анағұрлым дайын адам деп санайтынын атап өтті.
«Мен халқымның алдында парызымды өтедім деп ойлаймын. Қызметімді тапсырудың уақыты келді. Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл көлемінде жанымда болды. Мен оны бұл қызметке ең дайын адам деп санаймын. Біз өз президентімізді құрметтесек, мықты мемлекет боламыз. Жастарға тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымызды сақтап, нығайту керектігін түсіндіруіміз керек. Жақсы өмір сүрудің бір-ақ жолы бар – аянбай еңбек ету. Бес балаға 100 мың теңге мен баспана беріңіз деген болмайды. Ешкімге ештеңе оңайлықпен келмейді. Мемлекеттің міндеті – жұмыспен қамту», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
21 маусым 2019 ж. 497 0