Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сынған терезелер мен көліктер: Арыс қаласының қазіргі көрінісі қандай

Сынған терезелер мен көліктер: Арыс қаласының қазіргі көрінісі қандай

Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы әскери бөлімнен басталған өрт бірнеше күнге жалғасуы мүмкін дейді.

Ал, 40 мыңнан астам халқы бар Арыс қаласы мен маңайдағы іргелес елді-мекендердің тұрғындары түгелдей көшіп үлгерген. 
Қаланың қақ ортасында жарылған снарядтан қорыққан жұршылық бір мезетте жан жаққа қашып жатты. Адамдар үйі мен кәсібін тастап, қаша жөнеліпті. Тіпті көлігін тастап, жаяу қашқандар бар.
Әзірге өрттің шығу себебі мен одан келген залал мөлшері белгісіз. Шымкентте ағылған көпшілік ішінде баласын іздеп жүргендер де аз емес. Балаларды тасымалдаушылар оларды Шымкентке кіре беріс жердегі орталық мешіт пен мектептерге орналастырған.
Халық негізінен Шымкент пен Сарыағаш бағытына шыққан. Жол бойы көлікпен кептеліп қалды.
Қалада дүкендердің терезелері шағылған. Әр жерде әйнек сынықтары жатыр. Көшеде сынған көліктер тұр. Кей жерде артилериялық снаряд жатыр. Адамдар көлігін көшеге тастап кете барған.
25 маусым 2019 ж. 941 0