Медиация тең құқықты талап етеді

Қай заманда да қазақ сөзге тоқтаған, қара қылды қақ жарып айтқан билердің сөзін аяқасты етпей ымыраға келіп, бейбіт тірлігін жалғастырған елміз. Байырғы игі дәстүр бү-гінгі күні заңнамаға еніп, өмірімізге қайта келуде. Осы орайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясына жаңа функционалды бағыттар, атап айтқанда, қайырымдылықты үйлестіру, қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңес-терінің қызметін жүргізу, медиация желісін дамыту міндеттері жүктеліп отыр. Жаңа бағыттар аясында ауқымды жұмыстар қолға алына бермек.
Р. ӘБДІСҰЛТАНҰЛЫ,
Атанши ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы