Депутаттар көпбалалы отбасыларға арналған үйдің құрылысымен танысты
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен барған Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Балайым Кесебаева, Байділдә Жылқышиев Тарас Хитуов «Баламекен» жобасы аясында салынған тұрғын үйлер құрылысымен таныстып, тұрғындармен жүздесті.
Осыдан бірер ай бұрын, «Бәйтерек» шағын ауданында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар үшін 150 баспананың құрылысы басталған болатын.
Бүгінде қос пәтерлі 100 отбасына арналған 50 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындар қоныстанған. Жаңа мекеннің алғашқы қоныстанушылары – көпбалалы отбасылар. Солардың бірі 7 баланың анасы Ізімкүл Тұрсанова. Ол отбасында болған халық қалаулыларына осындай қамқорлық көрсетіп отырған Елбасына алғысын жеткізуді өтінді.
«Бұған дейін пәтер жалдап қиналып жүргенбіз. «Баламекен» жобаның арқасында міне баспаналы болып отырмыз. Көшіп келгенімізге бір ай болды. Мұнда жарық, су, газ, жол, телефон байланысы барлық жағдай жасалған. Елбасына, облыс басшылығына осындай қамқорлық көрсетіп жатқанына алғыс айтамын», – деді Ізімкүл Тұрсанова.
Елбасының халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы тапсырмасының нәтижелі жүзеге асырылуына көз жеткізген Мәжіліс депутаттары да жоба аясындағы жұмыстарға оң бағасын берді.
«Біздер жұмыс сапарымен барлық өңірлерде болып жүрміз. Алайда көп балалы аналар үшін жасалған мындай игілікті жобаны тек Сыр өңірінен көріп отырмыз», - деді Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева.
Айта кету керек, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында соңғы 6 жыл ішінде Қызылорда қаласының өзінде 15 шағын аудан пайда болған. Жаңа аудандардың құрылысы да жүріп жатыр.
«2019 жылдың соңына қарай Қызылорданың сол жағалауында 2 628 пәтерлік 13 көпқабатты тұрғын үй салынып, оған 13 мың адамды қоныстандыру көзделіп отыр. Елбасының 2018 жылдың қаңтарындағы жолдауына орай, болашақта бір адамды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жоспарда бар», – деді халық қалаулыларымен бірге болған Nur Otan партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов.
https://baq.kz