Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ө.Шөкеев: Енді мұндай жағдай (жарылыс) ешқашан болмайды

Ө.Шөкеев: Енді мұндай жағдай (жарылыс) ешқашан болмайды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында енді ешқашан жарылыс болмайтынын айтты.
Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыс қаласына кезекті сапармен келіп, жарылыстан кейінгі қаланы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Жамбыл облысына берілген тұрғын секторында болған премьер-министр жергілікті халықпен тілдесіп, Арысты қалпына келтіру жұмыстарының бір айда толық бітетінін алға тартты.
Ол жөндеу шараларын бақылау үшін қалаға аптасына бір рет келіп тұратындығын айтты.
Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев енді мұндай жарылыстың ешқашан болмайтынын уәде етті.
«Арыстағы әскери қойманың барлығы көшіріледі. Енді мұндай жағдай (авт-жарылыс) ешқашан болмайды»,-деді Шөкеев.
Өз кезегінде тұрғындар атынан сөз алған белсенді азамат сектордағы құрылыс жұмыстарының ойдағыдай жүргізіліп жатқанын айтып, Жамбыл облысының әкімдігіне алғысын білдірді.
Айта кетейік, Арыстағы жарылыстан соң қаланы қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облысына берілген секторда 312 үй мен 14 нысан енген. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айуынша, 312 үйдің 21-інде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Бүгін тағы Арысқа ат басын бұрған Мамин қалаға апта сайын келіп тұратындарын айтты. Үкімет басшысынан Арыстағы жарылыс кезінде үш көлігі бірдей жанып кеткен тұрғын 
көмек сұрады.
qaa.kz
12 шілде 2019 ж. 799 0