Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтар медициналық сақтандыру қорына 5,3 млрд теңге аударды

Қызылордалықтар медициналық сақтандыру қорына 5,3 млрд теңге аударды

 Қызылордада маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 273,3 млн теңгеге жетті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаевтың айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Қорға 5,3 млрд теңге түсті.
Аударымдар жүйесі – іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға және жұмыс берушілерге тиесілі.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,8% немесе 5,2 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,2% немесе 170,8 млн теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.
https://baq.kz
15 шілде 2019 ж. 868 0